Алматы облысының тұрғындары тонаушыларды өздері жазалаған

Фотография - Алматы облысының тұрғындары тонаушыларды өздері жазалаған

Отбасы мүшелерін өзін қорғау шарасын асыра пайдалану фактісі бойынша іс қозғау қарастырылуда

1627 0

23 желтоқсанда Алматы облысы Іле ауданы Комсомол ауылында ауылдастарын тонамақ болғандар қарсылыққа тап болды, деп жазады Today.kz. Нәтижесінде тоғыз адам түрлі жарақат алған.

5:30-да белгісіз үш адам кіре беріс есікті бұзып, Бабаевтар үйіне басып кірген. Кастет, электрошокер, пышақ және тапаншамен қаруланғандар отбасының мүлкін иемденбек болған, дейді отбасы мүшелерінің бірі Зограб Джаго-оглы.

"Таң ата қарақшылар келіп, соққыға жықты, қолдарында кувалда мен шегесуырғыш болды. Біздің туысымыз ауруханада – оның жағы сынған, қалғандары қазір үйде. 15 мың доллар мен алтынды алмақ болды, отбасы мүшелерінің бәрінде бас жарақаты, сынықтар бар. Жақында жиенім көлігін сатқан - ақшаны үйде сақтаған. Үйде балалар болды, келін қарап қалмай тонаушылардың бірін күрекпен басынан ұрып қалған. Ол қазір реанимацияда", - дейді ер адам.

Бабаевтарға көмекке көршілер келіп жеткен. Олар үй иелерін құтқарып жатып, тонаушылардың екеуін ашық бас жарақаты және сынықтармен ренимациядан бірақ шығарған. Үшінші адам қашып үлгерген, қазір ол іздестірілуде.

Аймақ ІІД болған жайт бойынша мәлімдеме жасады.

"Бетперде киген блгісіз үш адам кастет, электрошокер, пышақ пен тапаншаны қолдана отырып, Бабаевтар мүлкін иемденбек болған. Үй тұрғындары мен көршілер тонаушыларды өз күшімен ұстаған. Екеуі де 1983 жылы туған жергілікті тұрғындар. Қазіргі кезде жасырынып үлгерген үшінші адамды ұстау шаралары жүруде. Соққыға жығылған екі тонаушы ауруханада. Үй тұрғындарын қажетті қорғаныс шараларын асыра пайдалану бойынша жазаға тарту мәселесі қарастырылуда", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге тонаушыларға қатысты 192-бап "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары баталды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!