Айзада Авлатарованы ұрлаған күдіктіге зорлау айыбы тағылуда

Фотография - Айзада Авлатарованы ұрлаған күдіктіге зорлау айыбы тағылуда

Токаревке жалпы төрт айыптағылған, оның ішінде ұрлау, зорлау және тонау

1203 0

Алматыда жоғалып кеткен студент қыз Айзада Авлатарованы іздеуге ат салысқан БАҚ өкілдері, блогерлер мен еріктілерді қошеметтеу шарасы өтті, деп жазады Today.kz. Генерал-майор Мұрат Ұрымханов БАҚ өкілдері мен қоғамды өзгенің қайғысына бей-жай қалмағаны үшін алғыс білдіріп, шулы істің тергеу барысы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, қызды ұрлауға күдікті Игорь Токаревтың қазіргі кезде өзге қылмыстарға қатысы анықталуда. Іс ақпан айында сотқа жолданады.

" Токарев – төрт рет сотталған, соңғысында 12 жылға. 2006 жылы босатылған; зорлау, бостандықтан заңсыз айыру, қарақшылық пен ұрлық сияқты ауыр қылмыстар үшін істі болған. Қазіргі кезде ол қамауда, оған төрт айып тағылған, оның ішінде ұрлау, зорлау және тонау. Ол паразиттық өмір кешкен, отбасы болған – әйелі мен екі баласы", - дейді Мұрат Ұрымханов

Жалпы шара барысында 15 адам сыйлыққа ұсынылды, оның ішінде "Экономик және құқық" колледжінің директоры Айгүл Нұрғазиева, оның екі орынбасары және оқытушы Бақыт Қарабалаева. Сонымен бірге полиция Равиль Розахунов, Константин Авершин, Руслан Ниязов, Ришат Нұрсеитов, Расул Баратов, Данияр Фафролов және басқа да еріктілерді атап өтті.

Естеріңізге салсақ, 20 жасар студент Айзада Авлотарованы бірнеше күн бойы Алматы облысынан іздеді. Қыз бала 3 желтоқсан күні Жетіген ауылынан Өтеген батыр ауылына колледжге бара жатып жоғалып кеткен. Қыздың туыстары іздеуге экстрасенстерді тартқан.

Today.kz тілшісі қыз бала оқу орнына бара жатып телефон арқылы тілдескен досымен әңгімелесті, сонымен бірге, оқу орнының меңгерушісімен кездесті. 20 жасар стулдент қызды жауапты топ старостасы ретінде сипаттаған болатын. Кейін, Айзада Авлатарованы Қапшағай жаққа алып кетуі мүмкін деген көлік анықталғаны белгілі болды. Тәулік бойы жұмыс істеген жедел-іздестіру топтары іздеу аумағын кеңіткен болатын.

Бір аптадан кейін алматылық студент Айзада Авлатарованы нашар психикалық жағдайда табылды. Онымен бірге Қапшағай полициясына ұрлауға күдікті Игорь Токарев жеткізілді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!