Қызылордада барымташылар тобы ұсталды

Фотография - Қызылордада барымташылар тобы ұсталды

Мал ұрлығы қылмысына күдікті ретінде оқиға орнында 37 жасар және 23 жасар екі облыс тұрғыны ұсталды

302 0

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында сағат 03.28 шамасында Қызылорда ҚІІБ Жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері күдік тудырарлық ВАЗ-2110 маркалы автокөлікті тоқтатып, көлікті тексеру барысында ішінен жылқының сойылған етін табады. 

Баукеспе ұрылардың Қоғалыкөл ауылының жайылымдық жерінде жайылып жүрген жылқы малын оқпен сұлатып, көліктеріне тиеп алып кеткендері белгілі болды. Аталған мал ұрлығы қылмысына күдікті ретінде оқиға орнында 37 жасар және 23 жасар екі облыс тұрғыны ұсталды. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында 13 мал ұрлығын жасағандықтары белгілі болды. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, жергілікті тұрғын 2 қазанда сағат 13.40 шамасында белгісіз біреулер Ақжарма ауылы, Тасбөгет кенті жанындағы жайылымдық жерде бақташысыз жайылып жүрген 1 айғырын, 1 биесін сойып алып кеткендігі жөнінде  арызданған болатын. Залалдың жалпы құны 700 мың теңгені құраған.

Олар бұл әрекеттерімен тоқтамай, Тасбөгет кенті, Махамбетов ауылы тұрғынының жайылымдық жерде жайылып жүрген кұны 350 мың теңге тұратын айғырын, 22 қазанда Ақжарма ауылы тұрғынының құны 200 мың теңге тұратын  жылқысын, 4 қазанда осы ауылдың тағы бір тұрғынының құны 500 мың теңге тұратын  жылқысын, 16 қазанда 400 мың теңге тұратын жылқысын ұрлап кеткендігі белгілі болды.

Бұдан бөлек, 8 қазан күні Махамбетов ауылы, "Қаратабан" жайылымдық жерінде тағы да 4 тұрғынның жылқы және сиыр малдары қолды болып,  жалпы құны 1 200 000 теңге көлемінде залал келтірілгені анықталды.

Сонымен қатар, орын алған қылмыстар бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жоғарыда аталған сезіктілерден бөлек 24 жасар азаматтың да қатыстылығы белгілі болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Осы күні аталған қылмысқа қатысты 1 сезікті ҚІІБ-нің уақытша ұстау ошаулағышына қамалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!