Астанада "Араби 1", "Араби 2" және "Самал" ТК салушыны іздестіруде

Фотография - Астанада "Араби 1", "Араби 2" және "Самал" ТК салушыны іздестіруде

М. Бектеміров инвесторлардан ақшаны жиып алып, тапсырылған қаржыны өзге жаққа жұмсап жіберген

202 0

Астана полициясы мына кәсіпорындардың жетекшісі: "Квартиры НС" ЖШС, "Компания МС-7","Шаңырак БМК ГРУПП" ТҚК М. Бектеміровке іздеу жариялады. Құрылыс салушы инвесторлардан "Араби 1", "Араби 2", "Самал" ТК салуға ақшаны алып, аса ірі көлемдегі сеніммен тапсырылған қаржыны қолды еткен, деп жазады Today.kz астаналық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Айта кету керек, аталған тұрғын үй кешендері проблемалы болып келеді және олардың құрылысы қазір тоқтап тұр.

"М. Бектеміровке қатысты Есіл ауданының №2 соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану шешімін шығарды. Астаналық ІІД М. Бектеміровтен зардап шеккендерді, сонымен бірге, оның қайда жүргенін білетін адамдарды мына телефон бойынша хабарласуын сұрайды: 8(7172)71-63-41, 8-707-900-88-18", - делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!