Африкалық ерекше жануарлар Қазақстан аумағына заңсыз кіргізілді

Фотография - Африкалық ерекше жануарлар Қазақстан аумағына заңсыз кіргізілді

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

1118 0

Сарыағаш шекара отрядының "Сарыағаш теміржол" бөлімшесінің шекара наряды кеше сағат 08:30-да "Келес – Сарыағаш" бағытымен Өзбекстан жақтан елімізге кірген жүк пойызын тексеру барысында жүк вагонынан ешқандай құжатсыз, 4 бас жұп тұяқты жануарларды тауып алды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Жануарлардың иесі табылған жоқ. Кейін анықталғандай, бұлар негізінен Солтүстік Африкада мекендейтін арқар тұқымдастар мен теке тұқымдастарының арасындағы ерекше түрге жататын жалды қойлар болып шықты. Иесіз контрабандалық жануарлар актіленіп, мал дәрігерлік-санитарлық қызмет өкілдеріне берілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!