Астанада ұрлық жасаған 34 жастағы Қытай азаматы ұсталды

Фотография - Астанада ұрлық жасаған 34 жастағы Қытай азаматы ұсталды

Күдікті қылмысын жасыру мақсатында Дубайға ұшуды жоспарлаған

229 0

"Air Astana" әуе компаниясының жолаушыларының жүксалғышынан ірі көлемдегі ақша мен компьютер ұрлығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

2015 жылғы 29 желтоқсанда Астана әуежайындағы желілік полициясының кезекші бөліміне "Пекин-Астана" бағытындағы әуе көлігінің бортында орын алған ұрлық фактісі бойынша 19 жастағы Қырғыз Республикасының азаматының 1 мың юань көлеміндегі ақшалай қаражатының және 27 жастағы Қазақстан Республикасы азаматының Mac Book Air маркалы компьютерінің ұрланғандығы жөнінде екі бірдей жәбірленушіден арыз келіп түсті.

Көліктегі ІІД Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға күдікті ретінде осы әуе рейсімен жолаушы ретінде ұшып келген, әрі қарай Дубайға ұшуды жоспарлаған, 1981 жылы туылған Қытай Халық Республикасының азаматы анықталып, ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу кезіндегі жеке қарау барысында күдіктіден заттай айғақтар анықталып, тәркіленіп алынды.

Аталған факт Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлімі бойынша (Ұрлық) тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!