Шымкентте көп балалы ананы қағып өлтірген көлік әлі анықталмаған

Фотография - Шымкентте көп балалы ананы қағып өлтірген көлік әлі анықталмаған

Оқиға бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады

354 0

Шымкентте көп балалы ананы қағып мерт қылған жүргізушіге қатысты ҚР ҚК екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп жазады Today.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Істі тергеу ерекше бақылауға алынды.

"Екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды: ҚР ҚК 345-бабының 3 тармағы "Байқаусызда адам өліміне әкелген ЖЖЕ немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу" және ҚР ҚК 347-бабы "Жол көлік оқиғасы орнын тастап кету". Қазіргі кезде күдіктіні іздеу жүріп жатыр. Іс ерекше бақылауға алынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Берілген айыптар бойынша кінәлі ададм жеті жылға сотталуы немесе бес жылға  бас бостандығынан айырылып және 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Естеріңізге салсақ, Шымкентте бес баланың анасы, 32 жасар Бақытгүл Абдиева белгісіз көліктің астына түсіп қалып, көз жұмған. Бейнекамера жазбасынан әйел адамның базар жанында жолдан өтіп бара жатқаны және жолды өтіп болар сәтте оны ақ түсті көліктің қағып кеткені бейнеленген. Куәгершлердің айтуынша, әйел адам 20 метрге дейін үшып кеткен, ал жүргізуші оқиға орнынан жасырынған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!