Алматыда Тұңғыш президент паркі маңындағы шырша өртенді

Фотография - Алматыда Тұңғыш президент паркі маңындағы шырша өртенді

Өрт аумағы 20 квадрат метрді құрады

404 0

Алматыда Әл-Фараби мен Науаи көшелерінің қиылысының маңында орналастырылған жаңа жылдық шырша өртенді, деп жазады Today.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өрт туралы хабар кезекші бөлімге 5 қаңтар күні сағат 06:26-да түскен. Бірінші бөлімше оқиға орнына 06:34-те келіп жеткен, 06:39-да өрт ауыздықталып, 06:50-де толық сөндірілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт аумағы 20 квадрат метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!