Павлодарда "Нефтехим LTD" қоймасындағы жарылыстың егжей-тегжейі белгілі болды

Фотография - Павлодарда "Нефтехим LTD" қоймасындағы жарылыстың егжей-тегжейі белгілі болды

Павлодардың төтенше қызметтерінің барлық күші өртті сөндіруге жұмылдырылған

441 0

Павлодардағы "Компания Нефтехим LTD" ЖШС қоймасында 4 қаңтарда болған жарылыстың егжей-тегжейі белгілі болды, деп жазады Today.kz. Зардап шеккендер туралы ақпарат бір текті емес. Өрт үшінші деңгейлі ауырлықта.

Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, сағат 18:45-те полипропилен шығарумен айналысатын "Компания Нефтехим LTD" ЖШС-ның полипропиленді өнімді қаптау цехында жарылыс болды. Нәтижесінде қою түтінді ашық өрт пайда болды. Өрт аумағы шамамен 105 шаршы метрді құрады", - деп нақтылады ведомстводан.


Қазіргі кезде өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 12 техника жұмылдырылған. "Өрт сөндіруші" АҚ мен мемлекеттік құтқару қызметінің күштері де тартылған. Оқиға орнына төрт жедел жәрдем және апат медецина орталығының бір бригадасы келген. Өртенген ғимараттан өрт сөндірушілер үш адамды алып шыққан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Өрттің себебі мен келген зиян анықталу үстінде.

Ал зардап шеккендер туралы ақпарат бір текті емес, нақтыланбаған мәлімет бойынша, жарылыс кезінде бір адам өлімге әкелетін ауыр жарақаттар алған. Алайда, әзірге бұл мәлімет ресми нақтыланған жоқ.



Тегтер:

өрт Павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!