Алматы облысында полицейді өлтіріп, тонап кеткен

Фотография - Алматы облысында полицейді өлтіріп, тонап кеткен

Көз жұмған Айтжан Арыновтың артында кәмелетке толмаған екі баласы, әйелі және егде ата-анасы қалды.

1242 0

Алматы облысында желтоқсанның  30-нан 31-не қараған түні полицейді өлтіріп кетті, деп жазады Today.kz. ҚР ІІМ Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері (МКҚБ), полиция сержанты 29 жасар Айтжан Арынов көптеген пышақ жарақатынан көз жұмған.

Белгілі болғандай, оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек ауылында орын алған. Қайтыс болған полицейдің туысы Эльнора Айтқалиеваның айтуынша, сол түні ер адамды таныстары шақырып алған. Таңға жуық оның өлі денесі табылды. Ер адамға үш пышақ жарақаты салынған, оның бірі жүрекке тиген. "Ол ауылдастарын үйлеріне тасыған, онда үш-төрт адам отырған, олар ішімдікке ақша сұраған, ол бермеген. Сөзден сөз шығып, сөзге келіп қалған. Айтжанға арқасынан екі рет және өлімге әкелген жүрегінен бір пышақ салған, одан кейін олар оның әмианын, қалта телефонын және қызметтік куәлігін алып, өлімші етіп тастап кете берген. Айтжан жақын маңда тұратын досына 10 рет қоңырау шалған. Ол келгенше Айтжан қансырап көз жұмды. Полиция пунктіне өлтіру туралы хабарлама 5:15-те келіп түсті", - дейді Эльнора Айтқалиева. 

Алматы облысының ІІД мәліметі бойынша, полицей өліміне күдікті ұсталып, қамауға алынды. "Оқиға орнын қарау барысында өлтіру құралы болған деген жиналмалы әмбебап пышақ табылды. Алматы облысы полицейлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде негізделген күдікпен 24 жасар жергілікті тұрғын ұсталды. Адам өліміне байланысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозағлды. Аталған факт бойынша қажетті тергеу шаралары жүруде", - деп хабарлады Алматы облысының ІІД.

Көз жұмған Айтжан Арыновтың артында кәмелетке толмаған екі баласы, әйелі және егде ата-анасы қалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!