Алматы облысында ер адамды iPhone үшін көзінен айырған

Фотография - Алматы облысында ер адамды iPhone үшін көзінен айырған

Қарақшылар ер адамға Қарасай ауданындағы "Асыл арман" ықшам ауданында шабуыл жасаған

260 0

Алматы облысы Қарасай ауданы "Асыл Арман" ықшамауданында 28 жасар ер адамға шабуыл жасалды, деп жазады Today.kz. 31 желтоқсанға қараған түні бірнеше қарақшы оны аңдып, кейін соққыға жығып, ізін суытқан. Шабуыл жасағандар iPhone моделді телефонды қолды еткен. Сонымен бірге қылмыскерлер, зардап шегушінің құнды заттары мен ақшасына тимеген.

Белгілі болғандай, қарақшылар зардап шегушінің көзінен бірнеше рет тепкі жасаған. Шабуыл нәтижесінде ер адамның көруі нашарлаған. Алайда, бұл жайт бірнеше күннен кейін анықталды. Біраз уақыт бұрын ер адамның көзіне Алматы облысындағы көпсалалы клиникалық ауруханада операция жасалды. "Онда ауыр контузионды көздің жырылуы. Көзден тура соққы алған, ауыр жарақат. Көзі жарылып кеткен. Ол 2 қаңтарда келіп түсті, сол күні операция жасалды. Екінші көзін аман алып қалдық", - деп хабарлады аурухананың офтальмологиялық бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Тілеубаев.

Ал, Алматы облысы ІІД аталған факт бойынша арыз әлі келіп түспегенін хабарлайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!