Алматы облысында мас жүргізуші полицейді әдейі барып соққан

Фотография - Алматы облысында мас жүргізуші полицейді әдейі барып соққан

ер адам оқиға орнынан жасырынған

308 0

Алматы облысында жол бойында полицейді қағып, оқиға орнына ізін суытқан жүргізуші ұсталды, деп жазады Today.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Оқиға болған кезде ер адам мас болған, кейін ол көлігін үйдің ауласына жасырмақ болған.

"2 қаңтарда ауылдардың біріндегі патруль кезінде "Бүркіт" экипажы Toyota Carina көлігін тоқтатпақ болады. Жүргізуші полицейлердің талаптарын елемей, тура полицейлерге қарай бұрған. Полицейдің бірін қағып кетіп, ол оқиға орнынан ізін суытқан", - делінген хабарламада.

Кейін жүргізушінің тұлғасы анықталды. Ол ұсталып, Іле ауданының ІІАБ-ға жеткізілді. Медециналық сараптама нәтижесінде 36 жасар күдікті көлікті мас күйінде айдағаны анықталды.

Механикалық бүлігі бар көлік күдіктінің ауласынан табылып, арнайы тұраққа қойылды. Ал зардап шеккен полицей медециналық көмектен кейін қызметіне оралды.

Бұл фактіге қатысты ҚР ҚК 379-бабы "Заң өкіліне бағынбау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Жүргізуші 45 тәулікке қамалып, 100 АЕК түрінде айыппұл төлеуі мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!