Қарағанды тұрғыны жоғалған күні оның үстінен арыз түскен

Фотография - Қарағанды тұрғыны жоғалған күні оның үстінен арыз түскен

Полиция Айбек Мұстақаевтың қашуы мүмкін деген нұсқаны да қарастыруда

1366 0

Қарағандылық полицейлер 2016 жылдың 3 қаңтарында жұмбақ күйде жоғалып кеткен 22 жасар Айбек Мұстақаевтың қашып кетуін де жоққа шығармайды. Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желіде дабыл қаққан жігіттің туытары, деп жазады Today.kz.

Ал, Қарағанды облысы ІІД-де жоғалып кеткен Айбек Мұстақаев тонау үшін іздестірілгенін жеткізді. Қазір оны жоғалып кеткен адам емес, қылмысқа күдікті ретінде іздеуде.

"Жігіттің жоғалып кету факті Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді, - дейді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров. – алайда, тергеу амалдары барысында оның қылмысқа күдікті екені анықталды. Ол жоғалған күні оның үстінен Абай ауданы тұрғынынан арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары жүргізілуде". 

Бұл ақпаратты оның туысы да растады. Бірақ, Айбектің ағасының айтуынша, оқиға ондай маңызыд болған жоқ.

"Ол күні оның үстінен полицияға арыз түскен. Онда болмашы нәрсе, ол аулада біреуден екі мың теңге тартып алыпты-мыс. Енді полицияда оның осы үшін қашып жүргенін айтады. Ол мүндай болмашы дүние үшін жасырынбас еді. оның үстіне, ол бала өзінің арызынын бас тарту үшін барған, алайда, оның өтінішін қабылдамады", - дейді жоғалып кеткен жігіттің ағасы Жанат.

Айбек Мұстақаев 3 желтоқсан күні шамамен 22.00-де жоғалып кеткен. Ол қысқа қара курткада, күңгірт джинсы мен қоңыр аяқ киімде болған. Жақындарының айтуынша, ол өзінің сүйіктісіне бармақ болған. Жолда досына өзін "Стекляшка" дүкені жанынан тастап кетуін сұраған, ол жерден оны алып кету керек болған. Алайда, Айбек діттеген орнына жетпеген және содан бері байланысқа шықпаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!