Жамбылдық полиция нәрестесін дәретханада тастап кеткен ананы іздестіруде

Фотография - Жамбылдық полиция нәрестесін дәретханада тастап кеткен ананы іздестіруде

Жаңа туылған нәресте әжетхана шұңқырынан табылған

2188 0

Жамбыл облысының ІІД босанған баласын қоғамдық дәретхананың тесігіне тастап кеткен болуы мүмкін әйелді іздестіруде, деп жазады Today.kz аймақтық ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Белгілі болғандай, аталған факт бойынша полиция ҚР ҚК "Анасының жаңа туған нәрестені өлтіру" және "Қылмысқа дайындалу мен оған оқталу" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жамбыл облысының жақын аудандарының барлығынан 2015 жылдың желтоқсаны – 2016 жылдың қаңтарында босану керек болған жүкті әйелдердің тізімі алынды. Сонымен бірге, көмек сұрап келуі мүмін барлық медециналық және дәріханалық мекемелер құлақтандырылды.

Сонымен бірге, ведомствода қыз баланың жағдайы жақсы және Тұрар Рысқұлов атындағы Аудандық орталық аурухананың балалар бөлімінде жатқанын хабарлады. Оның өміріне қауіп жоқ.

Медецина қызметкерлері тастап кеткен баланың – салмағы 3 килограмм 600 грам 9 айлық моңғолойдты нәсілге жататын қыз баланың тап дәретханада туғанын анықтаған.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 3 қаңтар күні қоғамдық дәретханадан жаңа туылған нәресте табылған болатын. Алматы – Ташкент тас жолындағы дәретханадан баланы жолаушы адамдар тапқан. Қыз бала аяқ-қолын әзер қозғалтып жатқан. Оны алып шығу үшін құтқарушылар дәретхана қабырғасын бұзды. Нәресте шұңқырда бір сағаттай жатып қалған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!