Алаяқтық пен ұрлық өршіп тұр

Фотография - Алаяқтық пен ұрлық өршіп тұр

Деректерге сүйенсек, адамдар өздерінің мүлік қауіпсіздігіне немқұрайлы қарай отырып, алаяқтардың құрығында кетеді

432 0

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында қоғамдық тәртіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күштерін салуда. Кейбір қылмыс түрлері аса өршіп тұр, атап айтқанда, алаяқтық пен ұрлық, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Түсіндіру жұмыстары және басқа да алдын алу шараларына қарамастан, халық арасындағы мұндай қылмыс түрлері кең тараған. Деректерге сүйенсек, адамдар өздерінің мүлік қауіпсіздігіне немқұрайлы қарай отырып, алаяқтардың құрығында кетеді. Осы мәселеге байланысты күн сайын әр түрлі арыздар келіп түсуде.

Мәселен, "Алматы-Мәскеу" бағытындағы жолаушылар пойызында Алматы қаласының тұрғыны 150 мың теңгеден астам ақшасынан айырылған. 2015 жылғы 10 қаңтарда Алматы-2 ст. ішкі істер желілік бөліміне 1964 ж.т. Алматы қаласының тұрғыны "Б" есімді азаматша шағымданып келген. Оның айтуынша, "Алматы-Мәскеу" бағытындағы жолаушылар пойызында белгісіз жігіт Мәскеу қаласынан халықтық тұтыну тауарларын алып келемін деген сылтаумен арыз берушінің 31 мың 200 рублін және 4 мың теңгесін иемденіп кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы-2 ст. ІІЖБ КПб қызметкерлері 1989 ж.т. Қызылорда облысы тұрғыны, "Н" есімді азаматты ұстады. Заттай дәлелдер тәркіленіп алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Көліктегі ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулет Мақсұтов: "Бұл қылмыстың бір ерекшелігі, азаматтар қылмыскерлерге ақша қаражаттары мен бағалы заттарын өз еріктерімен табыстайды. Алаяқтар өздерінің ұсыныстарының тиімділігіне сендіре біледі. Оларға әсіресе, тез сенгіш немесе оңай жолмен материалдық пайда табуды көздейтін адамдар алданып қалып жатады"- деп атап өтті.

Сондай-ақ, 10.01.16 жылы Ақтөбе ст. Ішкі істер желілік басқармасына 1990 ж.т. Атырау облысының тұрғыны шағымданып келген. Оның айтуынша, осы жылғы 10 ақпан күні "Атырау-Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызында арыз берушінің сөмкесінен 100 мың теңге мен жеке құжаттары бар әмияны жоғалған. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 1989 ж.т. Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды.  Заттай дәлелдер тәркіленіп алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Азаматтар алаяқтық пен ұрлық қауіптерінен сақтану үшін мұқият болғандары жөн. Мұндай қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға бей-жай қарамаған дұрыс. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!