Ақмола облысында полицей қарыздары үшін атылып қалған

Фотография - Ақмола облысында полицей қарыздары үшін атылып қалған

21 жасар полицейден суицидтік ауытқушылықтары анықталмаған

245 0

Ақмола облысында Есіл ауданы АІІБ уақытша қамау абақтысының конвойлық қызметінің конвоиры, полицияның кіші сержанты Николай Курков өзіне қол салған. Аймақтаық ІІД суицидті кәсіби қызметпен байланыстырмайды, деп хабарлайды Today.kz.

Ведомстводан хабарлағандай, қайғылы оқиға 2016 жылдың 11 желтоқсанында болған. 21 жасар полиция қызметкері қарамағына бекітілген қарумен өз басынан атқан.

"Берілген факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның барысында қызметкердің өлімі оның қызметімен байланысты емес екендігі анықталды. Анасының берген куәгерлігі бойынша, ол жеке қолданысқа автокөлік алып, қарызының ұлғайып кеткеніне қатты уайымдап жүрген", - делінген Ақмола облысы ІІД-нің ресми хабарламасында.

Ішкі істер органдарында Курков 2015 жылдың сәуір айынан бастап қызмет істеген, отбасын құрмаған. Қызметке қабылдану кезінде және медециналық куәгерліктен өту уақытында, оның ішінде психолог пен полиграфиялық тест, жігіттің суицидке жақындығы байқалмағаны хабарланды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!