ҚР шекарасын заңсыз кесіп өткен Ресей азаматы ұсталды

Фотография - ҚР шекарасын заңсыз кесіп өткен Ресей азаматы ұсталды

Көлік полицейлерімен 2015 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактілері бойынша 47 қылмыстық іс қозғалды

367 0

2016 жылғы 8 қаңтарда сағат 10:00-де Пресногор ст. теміржол вокзалында Көкшетау ст. Ішкі істер желілік басқармасы көші-қон полициясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін "Зауралье – Зерновая" өткелінде Ресей Федерациясының азаматын ұстады, деп хабарлады көліктегі ІІД Баспсөз қызметінен

Аталған факт ҚР ҚК 392 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Көлік полицейлерімен 2015 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактілері бойынша 47 қылмыстық іс қозғалды. ҚР ІІД Көліктегі ІІД көші-қон полициясының бөліністері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамаларына қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оларды анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыра отырып, департаменттің қызмет көрсету аумағында көші қон процестерін бақылауды қамтамасыз етуде", -деді өз сөзінде Көші-қон полициясының бастығы Ғани Шымырбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!