Алматыда Республикалық спорт колледжінде 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Фотография - Алматыда Республикалық спорт колледжінде 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Оқу орнының жатаханасында өрт шыққан

355 0

Алматыда Республикалық спорт колледжінің жатаханасынан шұғыл түрде 300 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Студенттерді түтін басқан ғимараттан терезе арқылы шығару керек болды, деп жазады Today.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомстводан хабарлағандай, ғимараттағы бір бөлмен өрт шалғаны туралы ақпарат "101" пультіне таң ата келіп түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен күш құрылымы бірден адамдарды АС-37 автосатысымен терезе арқылы сыртқа шығаруға кіріскен. Сонымен бірге өрт ошағын анықтау жұмысын қатар істеген.

Ведомстводан іздеу амалдары қою түтіннің саладрынан қиындағанын және оқиға орнында бес ГТҚҚ буыны жұмыс атқарғанын атап өтті.

Өрт сағат 05:06 сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ 10 квадрат метрді құрады. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!