ОҚО-да көп балалы ананың өліміне 78 жасар азамат кінәлі болып шықты

Фотография - ОҚО-да көп балалы ананың өліміне 78 жасар азамат кінәлі болып шықты

Күдікті Шымкент полициясына өзі келген

296 0

Шымкентте бес балалы ананың өліміне кінәлі адам полицияға өзі келген, деп жазады Today.kz. Ол ОҚО-ның Сайрам ауданының 78 жасар тұрғыны болып шықты.

Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға 2015 жылдың 26 желтоқсанында орын алған. Ол кезде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Нәтижесінде 32 жасар Шымкент қаласының тұрғынын ауруханаға жеткізген болатын. Алған жарақаттардан әйел адам ес жимастан көз жұмған.

Қаза болған бес баланың анасы Бақытгүл Абдиева еді. Ол базар маңынан жолды өтіп бара жатқанда, куәгерлердің айтуынша, оны ақ түсті көлік қағып кеткен. Соққыдан әйел адам 20 метр жерге дейін ұшып кеткен.

Полиция оқиға орнынан жасырынған жүргізушіні таба алмаған болатын. Алайда, кейін күдікті Шымкент полициясына өзі келген.

"Бірнеше күн өткен соң, ЖКО орнынан жасырынған жүргізуші полицияға өзі келген. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының 78 жасар тұрғыны болып шықты", - деп хабарлады ОҚО ІІД.

Күдіктінің айтуынша, ол күні ол оқиға орнынан істің салдарынан қорқып кетіп қалған.

Қазіргі кезде полиция бес баланың анасы қаза болған істің мән-жайын тергеуде. Nexia көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Күдіктіге қатысты ешқайда шықпау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!