Алматыда ЖКО орнында мас жолаушыны тастап кеткен жүргізуші ұсталды

Фотография - Алматыда ЖКО орнында мас жолаушыны тастап кеткен жүргізуші ұсталды

Жүргізуші газ құбырының тірегіне соғылып, оқиға орнынан жасырынған

471 0

Алматыда газ құбырының тірегіне соғылып, оқиға орнынан жасырынған BMW жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Today.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Өз көлігінде жүргізуші мас күйінде ұйықтап жатқан жолаушыны тастап кеткен.

Оқиға Алматының Түркісіб ауданында қаңтардың 12 болған.

Полицияның нақтылауынша, BMW жүргізушісі Захаров көшесімен келе жатқан, Наманган көшесімен қиылыста көлікке ие бола алмай жолдан шығып кетіп, газ құбарының тірегіне соғылып, құлатып тастаған.

"Бұл ЖКО бойынша мәліметтер Түркісіб ауданы ІІБ әкімшілік практика бөлімінде өңделуде. Жүргізушінің жеке тұлғасы бірден анықталды, ал мас күйінде ұсталды", - делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!