Алматыда автобус жүргізушісі "Оңай" жүйесі үшін бақылаушыға пышақ ала жүгірген

Фотография - Алматыда автобус жүргізушісі "Оңай" жүйесі үшін бақылаушыға пышақ ала жүгірген

Алдымен екі адам сөзге келіп қалған

690 0

Алматыда бақылаушыға автобус жүргізушісі пышақ ала жүгірген, деп жазады Today.kz Көлік холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Оқиға 12 қаңтар күні Алматының орталығында орын алған.

"Бақылаушы жұмыс режимі бойынша автобусқа кірген – "Оңай" карточкасы бойынша төлемақыны тексеру үшін. Осы кезде автобус жүргізушісі оның кім екенін, тексеріс жүргізбеуін және автобустан түсіп кетуін сұраған. Бақылаушы әрбір көлікті тексеруге міндетті болғандықтан, сөзді елемей тексеруді бастамақ болған. Екі ер адам сөзге келіп қалған, содан кейін жүргізуші бақылаушыға пышақ ала жүгірген", - дейді Алматының Көлік холдингінен.

Компания қызметкері полицияға арыз жазды. Қазір бақылаушы жұмысын жалғастыруда. Компанияның мәліметінше, шабуыл жасаушы "Тұлпар ЦДС" ЖШС-на қарасты №25 автобустың жүргізушісі. 

Естеріңізге салсақ, Алматыда электронды төлем жүйесін тесттік режимде 2015 жылдың 1 қазанынан бастап іске қосылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!