Жаңа туған нәрестені жолға лақтырған 10 сынып оқушысы болып шықты

Фотография - Жаңа туған нәрестені жолға лақтырған 10 сынып оқушысы болып шықты

Қызының жүктілігіне ашуланған әйел туған немересін жүріп бара жатқан көліктен лақтырып жіберген.

6383 2


Жамбыл облысында кезекті тастанды бала жұрттың тағы да жағасын ұстатты. Оныншы сынып оқушысы көлікте босанып, нәрестені тас жолдың жиегіне лақтырып жіберген. Жерге оңбай түскен шақалақ шетінеп кетіпті.

Адам шошырлық оқиға Талас ауданының Үшарал ауылы маңында болды. Жасы елуден асқан әйел көршісінің көлігін жалдап жүкті қызын ауруханаға апара жатыпты. Ауылдан шыға бере мектеп оқушысының толғағы қысып, машинаның ішінде-ақ босанып қалған. Ал анасы көлікті тоқтатпаған күйі шақалақты терезеден лақтырып жіберсе керек. Тас жолға басымен түскен нәресте сол жерде шетінеген. Қансырап қалған 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Осы жайтты дәрігерлерден естіген тәртіп сақшылары көп ұзамай жолдың бойынан сәбидің өлі денесін тауып алады. Қазір кәмелет жасына толмаған ана ем алуда. Ал оның шешесі қамауда отыр.     
Гүлчехра Зияутдинова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:
-Қызының жүкті боп қалғанын шешесі білмедім деп отыр. Оның не үшін осындай қадамға барғаны қазір анықталуда. Тергеу құпиялығына байланысты өзге мәліметтерді айта алмаймыз. Анығы, егер оның кінәсі расталса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 




Загрузка...

Пікір (2)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Дамет 18 қаң. 2016

Ия баримиз заман деймиз. Бирак барлық сұраққа жауапты өз ишимиз ден издеу керек екенимизди билмеймиз. Балаларымыз га талия тәрбие беретін биз Озимиз екенимизди ұмытып кетемиз. Сойтип заман ағымы деп итере саламыз. Көп ата-ана өз баласымен шер тарқатып сөйлеспеймиз. Баланың жан дүниесінде не бар екенин билмеймиз. Балаларымыз бала бақшада таның атысы апарып кеште алып келемиз онда не корип не билип жатқанын да еш кимнин шаруасы жок. Мектепте мугалим ге сенем из сойтип баламыз еш назар сіз қалады. Жанында достары колында интернет не корем не билем деседе өз ерки. Жахан дану деп биттик кой. Келиндер и ата енесин жактыр майды. Сойтип қартарымыз қараусыз қарттар уйне өтуде. Ал үлкендер дин талим тәрбиесин көрмеген балалар ойына келгенин жасауда. Бұрын көгілдір экранға карап жаға устасақ ал казир көрши не карап ак шошыйсын. Менин айтарым тәрбие бесиктин бериледи. Бесиктин басын да әжесі отырса ынылдап ан салып бала мейримди сезеді емеспе. Телефон бала ан айтқанмен мейримин бере алмайды. Балаға мейриммен алақан жылуы керек сол кезде бари бұрынғы дай болап еди.

Жауап беру


ақиқат 6 ақп. 2016

Құдайымау адамдар не болып барамыз арсздыққой мынау кішкентай сәбидің кінәсі жоқ еді... Заман өзгерген жоқ адам өзгерді масқара

Жауап беру