Спирттік өнімдерді заңсыз сатқан азамат құрықталды

Фотография - Спирттік өнімдерді заңсыз сатқан азамат құрықталды

Қостанай аудандық сотының үкімімен азамат В. 500 АЕК көлемінде, яғни 1 060 500 теңге айыппұл төлемек.

184 0

Қостанай аудандық соты Затобол кентінде тұратын В. есімді азаматқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы kostanaytany.kz сайты хабарлайды. 2015 жылы 30-қазанда полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Затоболдағы дүкендердің бірінен, қолдан жасалған есептік-бақылау маркалары жапсырылған әр түрлі көлемдегі ішімдік өнімдері тәркіленді. Оны ҚР азаматы В. сатып келгені анықталды.

Сотқа дейінгі істі тергеу барысында Қостанай аудандық прокуроры процессуалдық келісім және кінәні мойындау туралы мәміле тәртібін бекітті. Тараптардың құқықтары, сот келісімінің құқықтық нәтижелері түсіндірілгеннен кейін, сондай-ақ, тағылған айыптың мәні мен көлемі қорғаушы қатыстырыла отырып, күдікті өз айыбын ерікті түрде мойындауға негізделген соң келісім жасалды. Жалған акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу (сату) мақсатында жасау немесе иемдену, жеке мүддеге пайдалану (өткізу) (ҚР Қылмыстық кодексі, 233-бап) бойынша, процессуалдық келісімге сай, шешім шығарылды. Қостанай аудандық сотының үкімімен азамат В. 500 АЕК көлемінде, яғни 1 060 500 теңге айыппұл төлемек. Есептік-бақылау маркалары қолдан жапсырылған 371 ішімдік бөтелкесі жойылды. Сот шешімі заң күшіне енген жоқ.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!