Жаңа туылған нәрестені жолға лақтырған әйел туралы ауылдастары айтып берді

Фотография - Жаңа туылған нәрестені жолға лақтырған әйел туралы ауылдастары айтып берді

Отбасыны қарапайым әрі тыныш деп мінездейді. Қыз - үйдің жалғызы.

18624 1


Жамбыл облысының Талас ауданы Үшарал ауылының тұрғындары, осы жақын күндері дүниеге сәби келіп оны қозғалып бара жатқан автокөліктен лақтырып жіберген отбасы жайында айтып берді. Оқиға Бостандық-Ақкөл тасжолында орын алған болатын. Today.kz сайтына босанған қызбен қамауға алынған әйелдің көршілері, отбасының тыныш және де бұрындары кикілжің оқиғалары болмандығын айтады. 

"Бұл өте қарапайым әрі игілікті отбасы. Бұрындары ұрыс керіс, жанжал туындап жатқанын байқаған емеспін, мұны ауылдың барлық тұрғындары растап береді. Әкесі өмір бақи мал бағумен айналысып келеді, ал анасының құлағы естімейді, менің білуімше ол құлағы естімегендіктен мүгедек қатарына қосылған. Бұл қыз – үйдің жалғыз баласы. Отбасы тыныш өмір сүріп келген", - дейді есімін құпияда қалдыруды өтінген Үшарал ауылының тұрғыны.

Он алты жасар Әсем М. Жергілікті Әбдір Сағынтаев атындағы мектептің 10 сынып оқушысы. Today.kz ке мәлім болғандай мектеп директоры өз еркімен жұмыстан босаған. Мұндай шешімнің оқушының айналасында болып жатқан оқыс оқиғаға қатысы бар жоғын мектептің жаңа басшысы Айбол Жаңбырбеков нақтыламады. Вконтакте әлеуметтік желісінде өз парақшасында қыздың жазған жазбаларынан оның біреуге ренжулі әрі қиналып жүргендігін байқауға болады. 

Адам шошырлық оқиға Талас ауданының Үшарал ауылы маңында болды. Жасы елуден асқан әйел көршісінің көлігін жалдап жүкті қызын ауруханаға апара жатыпты. Ауылдан шыға бере мектеп оқушысының толғағы қысып, машинаның ішінде-ақ босанып қалған. Ал анасы көлікті тоқтатпаған күйі шақалақты терезеден лақтырып жіберген. Тас жолға басымен түскен нәресте сол жерде шетінеген. Қансырап қалған 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Осы жайтты дәрігерлерден естіген тәртіп сақшылары көп ұзамай жолдың бойынан сәбидің өлі денесін тауып алады. Қазір кәмелет жасына толмаған ана ем алуда. Ал оның шешесі қамауда отырғаны белгілі.      




Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Aydos Kosubaev 16 қаң. 2016

Менің ойымша нәрестені анасы лақтырмаған. Бүкіл әңгіме таксисттің берген показаниесіне байланысты болып отыр. Анасы баласының болашағын құртпайын деп сол айтқан болуы мүмкін. Себебі ауылдастарының айтуынша қыз үйді жалғызы болғандықтан, әке шешесі бар жақсыны сол қыздарына беретін дейді.

Жауап беру