Алматы облысының оқушылары кісі өлтірген адамды оқиға орнында құрықтады

Фотография - Алматы облысының оқушылары кісі өлтірген адамды оқиға орнында құрықтады

26 жастағы азаматты қинап өлтірген қаскөйді 6 бала жабыла ұстаған.

530 0

Алматы облысында қандықол қылмыскердің қашып кетуіне мүмкіндік бермей, полицияға тапсырған мектеп оқушылары марапатталды. 26 жастағы азаматты қинап өлтірген қаскөйді 6 бала жабыла ұстаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаһарман жасөспірімдерге полицейлердің өздері ризашылығын білдірді. 11-ші сынып оқушылары 4 күн бұрын мектептің қасында болған қанды оқиғаға куә болып, дереу пышағы бар азаматтың қашуына бөгет жасаған. Қаскөйді тәртіп сақшылары келгенше ұстап отырыпты.

Бірақ, ол  бұған дейін 1 адамды мерт қылып үлгерген екен. Яғни, 26 жастағы жігітті 23 рет пышақтап өлтірген. Кейін, оқиға орнынан ізін суытпақ болады. Алайда оқушылар қандықол қылмыскерді полицейлердің қолына тапсырды. Олардың өздері бұл әрекеттерін азаматтық парызымыз деп отыр.

"Көрген соң, ойланбай тез алтауымыз үш-үшке бөлініп, қолынан пышақты алып, құлатып ұстап алдық. Ол біздің азаматтық парыз. Сондықтан ұстау керек деп ойладық", – дейді 11 сынып оқушысы Арслан Қазиз.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!