Сәбиді лақтырып жіберген іс бойынша: жүргізуші екі бап бойынша тергелуде

Фотография - Сәбиді лақтырып жіберген іс бойынша: жүргізуші екі бап бойынша тергелуде

Ер адам ешқайда кетпеу туралы қол хат жазып, үйқамақта отыр.

2448 0

Жамбыл облысында тас жолдың бойында сәбидің өлі денесі табылуына байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда. Жүргізушіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы  Today.kz тілшісіне Талас аудандық ішкі істер бөлімі хабарлады.

Хабарламада, Автокөліктің жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 434 бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша  алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сонымен қатар ҚР ҚК 119 бабы "Қауiптi жағдайда қалдыру" көмексiз қалдырылған адамның абайсызда өліміне әкеп соққан іс-әрекет -үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ер адам ешқайда кетпеу туралы қол хат жазып, үйқамақта отыр.

Аудандық ішкі істер бөлімінің хабарлауынша, сот қыздың анасына екі айға қамауды санкциялаған.

Адам шошырлық оқиға Талас ауданының Үшарал ауылы маңында болды. Жасы елуден асқан әйел көршісінің көлігін жалдап жүкті қызын ауруханаға апара жатыпты. Ауылдан шыға бере мектеп оқушысының толғағы қысып, машинаның ішінде босанып қалған. Ал анасы көлікті тоқтатпаған күйі шақалақты терезеден лақтырып жіберген. Тас жолға басымен түскен нәресте сол жерде шетінеген. Қансырап қалған 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Осы жайтты дәрігерлерден естіген тәртіп сақшылары көп ұзамай жолдың бойынан сәбидің өлі денесін тауып алады. Қазір кәмелет жасына толмаған ана ем алуда. Ал оның шешесі қамауда отырғаны белгілі.    

"Бұл өте қарапайым әрі игілікті отбасы. Бұрындары ұрыс керіс, жанжал туындап жатқанын байқаған емеспін, мұны ауылдың барлық тұрғындары растап береді. Әкесі өмір бақи мал бағумен айналысып келеді, ал анасының құлағы естімейді, менің білуімше ол құлағы естімегендіктен мүгедек қатарына қосылған. Бұл қыз – үйдің жалғыз баласы. Отбасы тыныш өмір сүріп келген", - дейді есімін құпияда қалдыруды өтінген Үшарал ауылының тұрғыны.

Он алты жасар Әсем М. Жергілікті Әбдір Сағынтаев атындағы мектептің 10 сынып оқушысы. Today.kz ке мәлім болғандай мектеп директоры өз еркімен жұмыстан босаған. Мұндай шешімнің оқушының айналасында болып жатқан оқыс оқиғаға қатысы бар жоғын мектептің жаңа басшысы Айбол Жаңбырбеков нақтыламады. Вконтакте әлеуметтік желісінде өз парақшасында қыздың жазған жазбаларынан оның біреуге ренжулі әрі қиналып жүргендігін байқауға болады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!