Автокөліктен жолға лақтырылған нәрестенің анасымен психологтар жұмыс жасауда

Фотография - Автокөліктен жолға лақтырылған нәрестенің анасымен психологтар жұмыс жасауда

Ертеректе әлеуметтік желілерде оқушы қыздың ауруханада қайтыс болғандығы туралы хабар тараған болатын.

2620 0


Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кәмілет жасқа толмаған автокөліктен жолға лақтырылған нәрестенің анасының денсаулығы жайында мәлімдем жасаған, деп хабарлайды Today.kz. Ертеректе әлеуметтік желілерде оқушы қыздың ауруханада қайтыс болғандығы туралы хабар тараған болатын. Алайда басқарманың баспасөз қызметінің басшысы Толқын Өмірбаева бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Қыз тірі, қазіргі кезде жағдайы жақсы. Ол біздің облысытық перинаталдық орталықта жатыр. Оның босанғанына көп уақыт өте қоймағандықтан, антибиотиктер қабылдауда. Онымен психологтар, дәрігерлер жұмыс жасауда. Оның жағдай тұрақты, қазіргі кезде сөйлесіп жатыр. Аптаның соңына қарай ауруханадан шығарамыз", - дейді Толқын Өмірбаева. Сонымен қатар босанған қыздың қанының аздығын (анемия) айта кетті.
Соған қоса, сұхбат берушінің айтуынша, қайтыс болған бала шала туылған. Бұл туралы, Өмірбаева, баланың салмағына байланысты қорытынды шығарады. Не бәрі екі келіге жетер жетпес.
Айта кетейік, Жамбыл облысында автокөліктен жолға лақтырылған нәрестеге қатысты даулы істің тергелу жұмыстары әлі де жалғасуда. Баланың анасы 16-жасар Үшарал ауылының тұрғыны болып шыққан. Тергеу жұмыстары бойынша, қыз автокөлік ішінде босанған, содан кейін қыздың анасы машинаның ішінен нәрестені сыртқа лақтырып жіберген.
Гүлчехра Зияутдинова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:
-Қызының жүкті боп қалғанын шешесі білмедім деп отыр. Оның не үшін осындай қадамға барғаны қазір анықталуда. Тергеу құпиялығына байланысты өзге мәліметтерді айта алмаймыз. Анығы, егер оның кінәсі расталса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 
Ертеректе,  босанған қызбен қамауға алынған әйелдің көршілері, отбасының тыныш және де бұрындары кикілжің оқиғалары болмандығын айтқан болатын. 

Сонымен қатар, Жүргізушіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!