Жамбыл облысында көлікте босанған қыздың жігіті жүкті кезінде тастап кеткен

Фотография - Жамбыл облысында көлікте босанған қыздың жігіті жүкті кезінде тастап кеткен

Шулы іс бойынша прокорутатура мәлімдеме жасады.

4153 0

Жамбыл облысында жігіт жүкті қызды босанардан бінеше ай бұрын тастап кеткен. Оқиға көлікте лақтырылған нәресете туралы даулы іс жайында, деп жазады Today.kz.

Облыс прокурорының көмекшісі Ермек Қуанышевтің хабарлауынша, қазір қыз бала Тараздағы облыстық перинатальді орталықта жатыр және куәлік беруде. Прокуратурада қыздың баланың әкесінің атын ойдан құрағанын, алайда кейін бәрін мойындағанын айтады. Оның сөзінше, жігіт оған үйленемін деп уәде еткен.

Прокуратура қызметкерінің ақпараты бойынша, ол жігіт Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы Қаратау колледжінде екінші курс студенті. Ол да Үшарал ауылының тұрғыны, сонда мектеп бітірген. Ұл бала да кәмелетке толмаған, ол – 17 жаста. "Қыз баланың куәлігі бойынша, ол жігітпен арада шынымен жақындық болған. Одан кейін қыз жүкті болып қалғанын жеткізген, жігіт ата-анасына айтып, үйленуге уәде берген. Ал қараша менжелтоқсан айларында телефонға да жауап бермеген. Оқушы қыз оның жүкті екенін ешкім де білмегенін айтады. Ол карсет тағып жүрген. Қысқы демалыстан кейін ол 11 және 12 қаңтарда сабаққа барған. Ал 13 қаңтар күні толғағы басталған", - дейді Қуанышев.

Сонымен бірге қадағалау органында шулы істің мән-жайы туралы баяндап берді. Қыздың өгей шешесі қыздың жүкті екенін білмегендігін айтады және көлікте босану фактін мойындамауда. Оның айтуынша, ол 13 қаңтар күні не болғанын сол күйі түсінбеуде.

"04:00-де жүргізушіге көршісі Бисенгиреева келіп, қызының бүйрегі қысып жатқанын және Таразға ауруханаға жедел бару керектігін айтқан. Олар Үшарал ауылынан 70 шақырымдай қашықтыққа шыққан. "Рөлде отырғанмын, қыздың нашар сезініп жатқанын білдім, бір уақытта нәрсетенің жылағанын естідім, осы кезде әпкей есікті ашып, бірдемені лақтырып жіберді. Мен одан сұрасам ол: "Жұмысың болмасын, тезірек жүр, қызым қансырап жатыр деді", - дейді жүргізуші. Оның қан қысымы бірден төмендеп кетті, оны жедел жәрдемге жеткізу керек болды. Онда оны жансақтау бөліміне жатқызды, одан кейін Таразда тұратын туыстары жиналды. Дәрігер шығып: "Ол бір сағат бұрын босанған, бала қайда?", - деді. Мұны ести салып, жүргізуші Үшаралдағы учаскелік инспекторға қоңырау шалған. Ол ауылдан шығып, 08:00-де нәрсетені тапқан", - деп түсіндірді Қуанышев.

Сот-медециналық сараптаманың нәтижесі бойынша, туылған сәтте бала тірі және дені сау болған, деп атап өтті ведомстводан.

Қазіргі кезде қыздың биологиялық ата-анасы қазір Үшаралда. Ауруханадан шыққаннан кейін, үш айынан бастап ағасы мен жеңгесінің қолында тәрбиеленген қыз өз отбасына оралуы мүмкін. Прокуратураның мәліметінше, асырап алу туралы құжаттар сол күйі рәсімделмеген.

Әсемнің сынып жетекшісі Нұрбала Жұманқұлованың айтуынша, қыздың жүктілігі жайында ешкім білмеген. "Іші білінбеді, өйткені Әсем шотландтка аталатын мектеп формасын, ал үстінен сырт киімін тастамаған. Мен бүгін Әсемді көрдім, бәрі де жақсы болатын. Біз сөйлестік, өзін жақсы сезініп жатқан. Ол белсенді, бәрімен тіл табысатын. Олар сыныпта 10 еді, өте тату, ешқашан ұрсыспаған болатын. Ата-анасы оның асыранды екенін ешқашан сездірмеген. Бар жағдайын жасап жүрген", - дейді Жұманқұлова.

Мұның алдында қыз баланың ауруханада көз жұмғаны туралы ақпарат тараған болатын. Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі қыздың денсаулығы туралы айтып берді.

Айта кетейік, Жамбыл облысында автокөліктен жолға лақтырылған нәрестеге қатысты даулы істің тергелу жұмыстары әлі де жалғасуда. Баланың анасы 16-жасар Үшарал ауылының тұрғыны болып шыққан. Тергеу жұмыстары бойынша, қыз автокөлік ішінде босанған, содан кейін қыздың анасы машинаның ішінен нәрестені сыртқа лақтырып жіберген.
Гүлчехра Зияутдинова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:
-Қызының жүкті боп қалғанын шешесі білмедім деп отыр. Оның не үшін осындай қадамға барғаны қазір анықталуда. Тергеу құпиялығына байланысты өзге мәліметтерді айта алмаймыз. Анығы, егер оның кінәсі расталса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 
Ертеректе,  босанған қызбен қамауға алынған әйелдің көршілері, отбасының тыныш және де бұрындары кикілжің оқиғалары болмандығын айтқан болатын. 

Сонымен қатар, Жүргізушіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!