Маңғыстауда өлі нәресте бар қорапты жол үстіндегілер тастаған болуы мүмкін

Фотография - Маңғыстауда өлі нәресте бар қорапты жол үстіндегілер тастаған болуы мүмкін

Прокуратураның мәліметінше, ананың жеке тұлғасы анықталу үстінде.

1401 1


Құқық қорғау органдарының пікірінше, Маңғыстау облысында жол үстіне нәресте салынған қорапты жол жүріп бара жатқандар тастап кетуі мүмкін. Сот-медецина сарапшылары баланың туылған кезде тірі болғанын немсе өлі туылғанын анықтап жатыр. Қазіргі кезде полиция баласын тастаған ананың жеке тұлғасын анықтаумен айналысуда, деп жазады Today.kz.

Полициядан хабарлағандай, тасталған нәрсетенің анасы табылғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі кезде іздеу жалғасуда. Полиция бірнеше нұсқаны қарастыруда, соның ішінде нәрсетені басқа облыс, тіпті басқа елдің азаматтары тастап кетуі мүкін деген нұсқа да бар.

"Бұл бізде күре жол ғой, біз Өзбекстанмен, Атыраумен, арғы жағы Ресеймен шегараласамыз. Түрлі нұсқаны қрастырып жатырмыз. Жол жүріп бара жатқандар тастап кетуі де мүмкін. Барлық фактілер тексерілуде, жергілікті тұрғындар да. Барлық жерге іздеу бердік, барлығын тексеру үшін", - деп хабарлайды Бейнеу ауданының прокуратурасынан.

Прокуратура мәліметі бойынша, өлі нәрсетені қоқыс арасынан малшы тауып алған. Сараптама қыз баланың туылғанда тірі болғанын, не өлі туылғанын анықтауда. Нәрсетенің келбеті азияттық, қара шашты және қара көзді екені мәлім.

Өлі нәрете салынған қорап бірнеше күн бұрын Ақтау-Атырау жолында табылған. Ал, tumba.kz сайтының мәлімдеуінше полиция анасының жеке тұлғасын анықтаған. Ол 38 жасар жергілікті тұрғын болып шықты.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Амина 7 мам. 2016

38 жастагы айелдин оз баласын тастауы мумкин емес.

Жауап беру