Көлік сақшылары жылжымалы құрамнан ұрлық жасаған 4 азаматты ұстады

Фотография - Көлік сақшылары жылжымалы құрамнан ұрлық жасаған 4 азаматты ұстады

Ұсталғандар аталған қылмысқа қатысты өз кінәларын мойындады

385 0

Күні кеше Семей ст. ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шар ст. жүк вагондарынан жалпы соммасы 1 млн. теңгені құрайтын 160 дана "мырыш құймаларын" ұрлаған 1983,1989, 1990 және 1992 жылы туылған 4 азамат  ұсталды, деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметінен. Аталған қылмыс ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша 18.01.2016 ж сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Ұсталғандар аталған қылмысқа қатысты өз кінәларын мойындады. Ұрланған заттар тәркіленіп алынды.

Аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!