Өзі жұмыс істейтін мекемеде 9 жылда 9 млн.теңгені жымқырған

Фотография - Өзі жұмыс істейтін мекемеде 9 жылда 9 млн.теңгені жымқырған

Ұсталған азамат осы мекемедегі бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінде аға қызметкер болып жұмыс істеген.

205 0

Жамбыл облысында теміржол компаниясын 9 жыл бойы тонап келген күдікті қолға түсті. Ұсталған азамат осы мекемедегі бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінде аға қызметкер болып жұмыс істеген. Бұл туралы Көліктегі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап egemen.kz хабарлады

Күдікті интернет желісі арқылы бухгалтерияның дербес желісіне кіріп, өзінің және сыбайластарының шотына ақша аударып отырған. Жалпы компанияға келтірілген шығын 9 миллион теңгеден асады. Күні кеше ұсталған азаматтың үстінен жүрген сот процесі аяқталып, судья оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Жалпы, былтыр Көліктегі ішкі істер департаментінің мамандары теміржолда жұмыс істейтін 20 күдіктіні ұстаған. Олар вагондардағы жүктерді ұрлаумен айналысқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!