Жамбыл облысында тастанды бала оқиғасы жаппай жұмыстан босатуларға әкеліп соқты

Фотография - Жамбыл облысында тастанды бала оқиғасы жаппай жұмыстан босатуларға әкеліп соқты

Жамбыл облысы Талас ауданының шенеуіктері өздері атқарып отырған қызметтерінен босатылды.

4334 0

Көліктен лақтырып жіберген баланың шулы оқиғасынан Жамбыл облысы Талас ауданының шенеуіктері өздері атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Сонымен қатар, белгілі болған бір жәйт, оқушы қызды жақын күндері ауруханадан шығармақ, деп хабарлайды  Today.kz.

Жамбыл облысы прокуратурасының мәлімдеуіне қарағанда, білім және денсаулық сақтау бөлімдерінің шенеуіктері жазаланды. Облыс әкімі өткізген жиналыстың қорытындысы бойынша Талас ауданының шенді тұлғаларының жұмыстан босатылуымен аяқталған.

"Білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбековпен мектеп директоры Мейлібаев жұмыстан босатылды. Облыс әкімі жиналысында белгілі болған жәйт, сынып жетекшісі өз қызметінен босатылған, Үшарал ауылы дәрігерлік амбулаториясының медбикесі және ауылдың дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Бахыбаева да жұмыстан босатылған. Психолг пен директордың білім және тәрбие жөніндегі көмекшісі еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмысқа шықпаған. Әкімдікте олардың да жұмыстан босатылуы туралы қарастырылды. Аудан әкімі орынбасарлары Серік Дадабаев пен Қайрат Рақымжановтарға – сөгіс жарияланды.  Аудандық орталық аурухананың дәрігері Есмахан Имаммырзаевқа – сөгіс жарияланды. Аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қартбаевқа әзірге қатаң сөгіс жарияланды, соңғы шешім әзірге шықпады", - деп мәлімдеді Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев.

Оның айтуынша, оқушы қыздың жағдайы жақсы және ауруханадан шығарылуға дайындалуда. Қол хат жазып биологиялық ата‑анасы қызды Алматы облысына алып кетпек. Қазіргі кезде оқушыны басқа мектепке ауыстыру мәселесі қарастырылуда.

Ертеректе, прокуратурада қыздың баланың әкесінің атын ойдан құрағанын, алайда кейін бәрін мойындағанын айтқан. Оның сөзінше, жігіт оған үйленемін деп уәде еткен.

Айта кетейік, Жамбыл облысында автокөліктен жолға лақтырылған нәрестеге қатысты даулы істің тергелу жұмыстары әлі де жалғасуда. Баланың анасы 16-жасар Үшарал ауылының тұрғыны болып шыққан. Тергеу жұмыстары бойынша, қыз автокөлік ішінде босанған, содан кейін қыздың анасы машинаның ішінен нәрестені сыртқа лақтырып жіберген. 
Гүлчехра Зияутдинова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:
-Қызының жүкті боп қалғанын шешесі білмедім деп отыр. Оның не үшін осындай қадамға барғаны қазір анықталуда. Тергеу құпиялығына байланысты өзге мәліметтерді айта алмаймыз. Анығы, егер оның кінәсі расталса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  
Ертеректе,  босанған қызбен қамауға алынған әйелдің көршілері, отбасының тыныш және де бұрындары кикілжің оқиғалары болмандығын айтқан болатын.  

Сонымен қатар, Жүргізушіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұның алдында қыз баланың ауруханада көз жұмғаны туралы ақпарат тараған болатын. Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі қыздың денсаулығы туралы айтып берді. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!