Жамбыл облысында тастанды бала оқиғасы: жігіт қызға үйленбек

Фотография - Жамбыл облысында тастанды бала оқиғасы: жігіт қызға үйленбек

Екі жақ келісе отырып, екі жасты үйлендірмек.

23078 6

Жамбыл облысында көліктен лақтырып жіберген баланың шулы оқиғасы екі жастың үйленуімен аяқталмақ. Соңғы бір апта бойы әлеуметтік желілер, барлық БАҚ өкілдері болып осы оқиғаны талқылаудамыз. Today.kz тілшілері қыз бен жігіттің яғни Әсем мен Сайлаубектің ата-анасымен туған туысымен хабарласып жағдайды қалай өрбитінін сұрастырған болатын.

Сайлаубек Елдос Ақкөл ауылындаға №14 Талас колледжінің 3-ші курс студенті. Колледж директоры Әбіламит Ахметовтың айтуынша Сайлаубек оқудан шығарылмайды. Сабағы жақсы, спортпен де айналысады бұрындары бұзақылық бір әрекеттерін байқамаған.

"Қазіргі кезде Әсемнің жағдайы жақсы, ауруханадан бүгін-ақ шығуы мүмкін. Ал Сайлаубектің мәселесі бойынша: егер ол біздің қызымызға үйленетін болса, біз оларды кешіреміз. Екеуі табысып, үйлі болып бақытты өмір сүргенін қалаймыз. Сот шешімі шыққаннан соң екі жасты үйлендіреміз", - дейді Әсемнің әкесінің інісі Жексен Ермекбаев.
Сайлаубек Елдос Қаратау қаласында апа-атасының қолында тәрбиеленген. Ал, туған әке шешесі Үшарал ауылында тұрады. Әкесі Мықтыбек ауыл әкімдігінде көлік жүргізуші болып қызмет атқарады екен. Баланың қазір қайда және қазіргі жағдайы қалай екендігін Жексен атадан сұрағанымызда, Ол баланың сабаққа барып жүргендігін айтты. Сонымен қатар осыдан бірнеше күн бұрын Сайлаубекті факті бойынша жауапқа тартпақ болған. Алайда Әсемнің Алматыдағы туған әке шешесі Үшаралға барып арыз жазбайтындығын айтқаннан соң қазір Сайлаубекті ешкім мазалап жатқан жоқ.

Ертеректе, прокуратурада қыздың баланың әкесінің атын ойдан құрағанын, алайда кейін бәрін мойындағанын айтқан. Оның сөзінше, жігіт оған үйленемін деп уәде еткен.
Айта кетейік, Жамбыл облысында автокөліктен жолға лақтырылған нәрестеге қатысты даулы істің тергелу жұмыстары әлі де жалғасуда. Баланың анасы 16-жасар Үшарал ауылының тұрғыны болып шыққан. Тергеу жұмыстары бойынша, қыз автокөлік ішінде босанған, содан кейін қыздың анасы машинаның ішінен нәрестені сыртқа лақтырып жіберген.

Гүлчехра Зияутдинова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

-Қызының жүкті боп қалғанын шешесі білмедім деп отыр. Оның не үшін осындай қадамға барғаны қазір анықталуда. Тергеу құпиялығына байланысты өзге мәліметтерді айта алмаймыз. Анығы, егер оның кінәсі расталса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Ертеректе,  босанған қызбен қамауға алынған әйелдің көршілері, отбасының тыныш және де бұрындары кикілжің оқиғалары болмандығын айтқан болатын. 

Сонымен қатар, Жүргізушіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұның алдында қыз баланың ауруханада көз жұмғаны туралы ақпарат тараған болатын. Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі қыздың денсаулығы туралы айтып берді.

Жамбыл облысы прокуратурасының мәлімдеуіне қарағанда, білім және денсаулық сақтау бөлімдерінің шенеуіктері жазаланды.






Загрузка...

Пікір (6)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Алтын 19 қаң. 21:33

Кудай сактасын

Жауап беру


Aydos Kosubaev 19 қаң. 23:06

Құдай басқа салмасын әрине! Бірақ біреудің басына түссе әңгіме, өсек, талқылаулар кетеді. Ал өз басымызға түссе кім қалай әрекет жасары белгісіз? Сайлаубек пен Әсемнің ата-аналары туған туыстары ең дұрыс шешім қабылдауда деп білем. Себебі біреуді соттатқаннан гөрі, біреуді өмір бақи жалғыздықпен өткеннен ешкімнің де ештемесі кетпейді. Зардап шегер адамдыры олар жақындары...

Жауап беру


Асем 20 қаң. 2:02

Алланын мундай сынагына мен тан калам мен ана бакытын ансаганыма 5 жыл. Кудай курсагына Берген алтындай казынанын обалына калдымау деп бир сат ойланбаган екен. Кудай сактасын.

Жауап беру


Сабрина 20 қаң. 9:10

Безмозглая мать у этой девочки, не жить ей теперь нормальной жизнью. Если читаешь это, слышишь, ущербная женщина, покарает тебя сама жизнь! Оборвавшаяся жизнь этого ангелочка, которую ты так жестоко отобрала, аукнется тебе болезнями и несчастием. Надеюсь, тебе дадут большой срок. И дочь у тебя такая же не далекая тупая, с такой стыдно рядом стоять.

Жауап беру


Альфия 21 қаң. 16:16

Осындайларды ату жазасына кесу керек осылай баланы өлтіріп біріміз туалетке тастақ Қазақ еліміз қалай көбейеді.

Жауап беру


Кім екнім неважно 24 қаң. 2:09

Егер менің қолымда болса шешесінікін тігіп, Əкесінікін кесіп тастар едім Мектептен өз өз еркіммен жұмыстан шығып басын алып қашып жатқандарды ойланбастан соттау керек кім екенін біліп сол адамдардың фотосын елге жарялау керек мекмлекеттен қуып жіберу керек үрім бұтағымен өлтіру керек ол үшін ешқандай күна болмайды осындайлардың кесірінен ақыр заман тез жетеді

Жауап беру