Астанада электровоз кабинасында қызды зорлаған екі жігіт сотталды

Фотография - Астанада электровоз кабинасында қызды зорлаған екі жігіт сотталды

Сот шулы іске нүкте қойды

707 0

Астанадағы пайдалану депосы аумағында болған топтық зорлауға қатысты сот үкімі шықты. 23 және 21 жасар Павлодар мен Қарағанды облыстарының тумалары бұрындары да ұрлау, тонау, көлік ұрлау үшін істі болған, деп жазады  Today.kz ҚР ІІМ көлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Іс ҚР ҚК 2-бабының 1-тармақшасы "Алдын ала келісілген топтық зорлау" бойынша тергелді. "Сот үкімімен екі айыпталушы да жазаға кесілді: Ж. Кабышев – алты жылға бас бостандығынан айырылды, Ж. Курумсенов – бес жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың 26 қыркүйегінде 7:40-та Астананың локомотивті пайдалану депосының қызметкерлері магистральдік желіге шықпайтын тығырықтағы жолда қыз баланы тауып алады. Оның сөзінше, екі жігіт оны электровоз кабинасында зорлаған. Кейін күдікті екі жігіт те ұсталды.

Зардап шеккен қазіргі кезде Астанада тұрып жатқан 22 жасар Батыс Қазақстан облысының тумасы болып шықты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!