731

Қызылордада есірткі сатқан азамат сотталды

Ол 229,05 грамм гашиш есірткі затын заңсыз тасымалдаған
Фотография - Қызылордада есірткі сатқан азамат сотталды

Есірткі затын заңсыз тасымалдаған қызылордалық қылмыстық топтың мүшесі сот шешімімен 6 жылға сотталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Тапал деген лақап атпен белгілі оған қалалық №2 мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Ол 229,05 грамм гашиш есірткі затын заңсыз тасымалдаған. Сотталушының қарт ата-анасы мен 5 баласы бар. Осыған байланысты жаза жеңілдеген. Сотталушы жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.