"Арақ ішіп отырған" балалардың әкесін анықтау іске жаңа бетбұрыс берді

Фотография - "Арақ ішіп отырған" балалардың әкесін анықтау іске жаңа бетбұрыс берді

Ер адам полицияға өзі келіп, роликті Желіге орналастырған пайдаланушыға арыз жазды

501 0

Полиция "арақ ішіп отырған" балалар туралы бейнероликтің кейіпкерлерін анықтады. Қыздарын арақ ішуге үйретіп отырған әке туралы ролик Астанада түсірілген, деп жазады Today.kz қалалық ІІД-ге сілтеме жасай отырып.

Ал оқиға күтпеген жаққа өрбіді. Отау иесі полицияға өзі келіп, Ғаламторға роликті орналастырған пайдаланушыға арыз жазды.

"Қазіргі кезде балалармен қалжыңдап, күлкілі ролик түсірмекші болған Астананның 34 жасар тұрғыны анықталды. Арақтың босаған құмырасына ол "Сарыағаш" минералды суын құйып, содан балаларға сұйықтық құйып берген. Бейнеролик 10 жасар қызымен қалжыңдасып түсірілген", - деп түсіндірді полициядан.

ҚР ҚК 211-бабы "Шектеулі пайдаланудағы электронды ақпаратты заңсыз тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен бірге, кәмелетке толмаған тұлғалардың алкогольді сусын пайдалану бойынша сараптама тағайындалды. Бұл факт ҚР ҚК 133-бабы "Кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет етуге тарту" бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!