Алматыда кеден бекетінің қызметкері ұрлық үстінде камераға түсіп қалған

Фотография - Алматыда кеден бекетінің қызметкері ұрлық үстінде камераға түсіп қалған

Қызметкер шетелдік киімдер мен бөлшек саймандарды қолды етпек болған

193 0

Бүгін Алматыда кеден бекетінің қызметкері ұрлықпен ұсталды, деп жазады Today.kz  Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. қызметкер киім мен бөлшектерді ұрлап жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған.

"Ағымдағы жылғы 19 қаңтарда Алматы қ. әуежайының Желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің қызметкері италияндық өнімдегі екі жұп ерлер аяқ киімі мен шетелдік өнімдегі бұрғылау қондырғысына арналған қосалқы бөлшектерді ұрлау фактісімен ұсталды. Алматы қ. әуежайының уақытша сақтау қоймасынан ұрланған заттар тергеу барысында тәркіленіп алынды.

Ұсталған азаматтың ұрлық жасағаны бейнебақылау қамералары арқылы расталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!