Шекарашыға күш қолданған спортшы екі жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фотография - Шекарашыға күш қолданған спортшы екі жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматыда Сұлтан Бимурзинге қатысты сот процесі басталды.

538 0

20 қаңтарда Алматының Түрксіб аудандық сотында спортшы Сұлтан Бимурзин өкімет өкіліне күш қолдану фактісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Алматының әуежайында шекарашыға күш қолдануына байланысты екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Кіші сержант Нұралы Бабекенов Сұлтан Бимурзиннан бірнеше рет отырғызу талонын немесе рұқсатнама қағазын көрсетуді сұраған, алайда Бимурзин оған бойұсынбаған. Бұл сұраулар оның (Бимурзин) ашулануына себеп болған. Сонымен қатар, Бимурзин оны тыңдамай, төлқұжат тексеру тізбегіне өтіп ары қарай бет алған. Содан кейін, Бимурзин күш қолданған, Бабекеновты ұстап оң аяғынан шалып құлатқан. Зардап шегуші еденге арқасымен құлаған. Соның салдарынан, Бимурзин заң бұзған, ҚР ҚК 380 бабы бірінші тармағы (Билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру)бойынша айыпталуда", - дейді прокурор.


Сұлтан Бимурзин ертеректе белгілі болғандай, 500 мың теңге кепілдеме беріп уақытша қамалудан босаған, сот отырысында өз кінәсін толығымен мойындады. Айыпталушының қорғаушысы шекарашы мен спортшы өзара келісіп соттың тоқтатылуы мүмкіндігін де айтады.

"Ең бастысы, жәбірленуші ешқандай да дене жарақатын алмаған, денесіне сызатта түспеген. Шегарашы менің айыпталушыға наразылығым жоқ деп те айтқан. Аталған оқиға бойынша екі жақ ымыраға келуі мүмкін", - дейді айыпталушының қорғаушысы Ерғали Берлібаев.

Жәбірленушінің мүддесін қорғауға келген заңгер Әділ Джумакуловтың айтуынша, шегарашы спортшыны тоқтатуға толық құқығы бар, себебі Сұлтан Бимурзин VIP-терминалға кіру уақытынан ерте келген.

"Заң бойынша, жасыл жолақтан өткен адамның барлығы отырғызу талонын немесе рұқсат қағазын көрсету керек, ал шығарып салушылар мүлдем ол сызықтан өтуге құқығы жоқ. Бимурзин менің электрондық билетім бар деп сол сызықтан өтіп кеткен. Алайда оның билеті сағат 16.00 болатын. Соған орай, Сұлтан Бимурзин бұл жолақты шығарып салушы болса да ол сызықтан өтуге құқығы жоқ еді", - дейді заңгер.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға Алматы әуежайында болған. Ер адамның шегарашыны елемей және физикалық күш қолданып еденге құлатқанын бейнебақылау камерасы түсіріп алған. Белгілі болғандай, шабуыл жасаған шығыс жекпе жегінен бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы атанған Сұлтан Бимурзин екендігі анықталған. Today.kz тілшілері ертеректе спортшының ағасы Нұрлан Бимурзинмен сөйлескен болатын. Оның айтуынша Сұлтанспортшы болғандықтан бұлшық еті жады автоматты түрде әрекет етуі мүмкін. Алайда сол күні ақ жанжал дұрыс жолмен шешілген.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!