Көлік полицейлері Өзбекстан азаматынан аса ірі көлемдегі балық тәркіледі

Фотография - Көлік полицейлері Өзбекстан азаматынан аса ірі көлемдегі  балық тәркіледі

Тексеру барысында ұсталған азаматтан сәйкес құжаттарынсыз 110 келі ұсақ тұқымды балық тәркіленіп алынды

206 0

Атырау ст. Ішкі істер желілік бөлімі Ганюшкино ст. желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында "Исатай-Аққыстау" ст. өткелінде «Саратов-Үргеніш-Ташкент» бағытындағы пойыздың вагондарының бірінде Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады,деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

 

Тексеру барысында ұсталған азаматтан сәйкес құжаттарынсыз 110 келі ұсақ тұқымды балық тәркіленіп алынды.

Қазір оның үстінен ҚР ҚК 196-бабы бойынша (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Осыған дейін,  Көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен 2015 жылы заңсыз жолмен балық аулау фактісі бойынша 30 құқық бұзушылық анықталған. Жалпы көлемі 366 келі болатын балық тәркіленген, оның ішінде бекіре тұқымды балық – 249 келіні құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!