Қазақстандағы доңыз тұмауының алғашқы құрбаны медқызметкер болған

Фотография - Қазақстандағы доңыз тұмауының алғашқы құрбаны медқызметкер болған

Әйелдің артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды

555 0

Қазақстанда доңыз тұмауынан көз жұму оқиғасы Алматы облысында тіркелген. Әйел адамның босанғаннан кейін екінші күні қайтыс болғаны белгілі, деп жазады Today.kz аймақтық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып.

Әйел адамның Алматы облысы Іле ауданы Заречный елді мекенінде ЛА-155/8 қатаң режимдегі колонияда фелдшер болып істегені белгілі болды. Әйелдің артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды.

"1981 жылы туған әйел адам 4 қаңтар күні ауруханаға түскен. Бұл оның төртінші босануы – егіздер, жалпы әйел 10 рет жүкті болған. Бала көтеру кезінде есепте тұрған, дәрігердің бақылаунда болған. 2 қаңтар күні ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Аяғы іскеніне, ауырсынғанына және жөтелге шағымданған. Тексеруден кейін ол жоғарырақ дәрежедегі облыстық ауруханаға ауыстырылған.  Сол жерде асқыну мен вирусқа қарсы терапия қолданыла бастады. 7 қаңтар күні өзі босанды. Қазіргі кезде балалары аман-есен", - деп хабарлады Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Асхан Байдувалиев. 

Оның айтуынша, облыстағы доңыз тұмауына байланысты жағдай бақылауда. Барлық медециналық мекемелер, СЭС органдары, оқу орындары мен әкімдіктерге нұсқаулар берілді. Барлығында нақты шаралар жоспары бар. Емдік-алдын алу мекемелерінде карантин жарияланды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!