Ақмола облысында адам өлтіруші 10 жылға сотталды

Фотография - Ақмола облысында адам өлтіруші 10 жылға сотталды

Жәбір көруші

260 0

Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірген Х. есімді азаматқа қатысты іс қарап, оны 10 жыл бас бостандығына айыру жазасына кесті. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz  хабарлады.

Сот процесі барысында Х. есімді азаматтың танысымен бірге спирттік ішімдік ішкені, оның соңы төбелеске ұласып, жәбір көрушінің өліміне алып барғаны анықталды. Арақ ішу кезінде өзара жанжалдасып қалған екеу бір-біріне жұдырықтарын ала жүгіреді. Төбелестің соңына қарай сотталушы бөтелкелесіне пышақ ұрады.

Жәбірленуші осы алған дене жарақаты салдарынан аудандық аурухананың қабылдау бөлмесінде қайтыс болады.

Сот үкімімен азамат Х. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігімен ("Адам өлтіру") қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қатаң режимдегi түзеу колониясында жазасын өтеумен 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!