811

Бразилияда жеңілмоторлы ұшақ автокөліктің үстіне құлады

Лондрина қаласында жеңілмоторлы ұшақ жолаушылар мінген көлікке құлап, 5 адам қаза тапты.
Фотография - Бразилияда жеңілмоторлы ұшақ автокөліктің үстіне құлады

Бразилияның оңтүстігінде орналасқан Лондрина қаласында жеңілмоторлы ұшақ жолаушылар мінген көлікке құлап, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Сондай-ақ, тағы бес адам түрлі жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте нашар. Қайғылы оқиға ауылшаруашылық жұмыстарын орындау кезде болды. Ал көлік ішіндегі жолаушылар жақын маңайдағы автомагистральдың қызметкерлері.

Апаттың себебі әзірге белгісіз. Полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізуді бастады.

Загрузка...