Бозымбаевты бопсалау ісі бойынша апелляциялық сот отырысының уақыты белгілі

Фотография - Бозымбаевты бопсалау ісі бойынша апелляциялық сот отырысының уақыты белгілі

Шешімді қайта қарауға үш сотталушы мен адвокат Анатолий Утбанов сұраған

366 0

Павлодардың облыстық сотында облыс әкімі Қанат Бозымбаевтан аса ірі көлемде ақша бопсалау бойынша сотталғандардың апеляциялық арызы қарастырылады. Сот шешімін өзгертуін төрт сотталушының үшеуі сұрады, деп жазады Today.kz. Арызды қарастыру 2016 жылдың 8 ақпанына белгіленді.

Ауданаралық арнайы қылмыстық істер бойынша сотқа арыз берген павлодарлық газеттің редакторы Ярослав Голышкин, аудан әкімінің орынбасары Асқар Бахралинов және бұрынғы полицей Фархат Алиясов.

Мүлкі тәркілене отырып, сегіз жылға қатаң режимді колонияға кесілген журналист сот шешімін өзгертіп, өзін босатуын сұрайды.

Мүлкі тәркілене отырып, 10 жылға қатаң режимді колонияға кесілген Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Бахралинов та осындай сұраныс білдірген. Мүлкі тәркілене отырып, сегіз жылға қатаң режимді колонияға сотталған ІІД экс-қызметкері Фархат Алиясовтың қорғаушылары шешімді мүлкті тәркілеу шешімін өзгерте отырып, ең төменгі мерзім беруін сұрауда. Жеті жылға бас бостандығынан айырылыған Нұржан Сүлейменов сот шешіміне қайта қарауын сұрамады.

Облыстық соттан хабарлағандай, апелляциялық арыз 2016 жылдың 8 ақпанында жабық түрде өтеді.  

Естеріңізге салсақ, Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевты бопсалау бойынша шулы іс бойынша сот шешімі 30 қазанда шыққан болатын. Мұның алдында екі жақтың келісім бойынша жабылған зорлау бойынша іс қаралған еді. Бопсалаушылардың қолында зардап шеккен қыздың бұл қылмысқа әкімнің ұлы да қатысты деп айтқан бейнеролик бар деп хабарланған.  Бірақ, маусымның соңында Анфиса Хафизуллина сұқбат беріп, әкімнің ұлына арызы жоғын айтқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!