Жамбыл облысында құлаған тікұшақтың ұшқышы қатты күйіп қалған

Фотография - Жамбыл облысында құлаған тікұшақтың ұшқышы қатты күйіп қалған

Ол ауруханаға жеткізілген.

630 0


Жамбыл облысында Ми-2 тікұшағының құлауынан бір адам зардап шегіп, ол екінші деңгейлі күйік шалу диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Ол 23 қаңтарда, сенбі күні сағат сегіздер шамасында Тұрар Рысқұлов ауданында  апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы деп хабарлайды Today.kz Қазақстанның ІІД Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманкуловқа сілтеме жасай отырып.

"23 қаңтарда сағат 20:08 112 нөміріне Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны қоңырау шалған. Ол "Садыхан" қыстауынан үш шақырым жерде тікұшақтың құлағанына куә болған. Оқиға болған жерге жер үстінде авариялық­-құтқарушы және іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін дер кезінде Тұрар Рысқұлов ауданынынң ТЖ бөлімінің қызметкерлері және Жамбыл облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері және де сол ауданның құқық қорғау органдары бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар оқиға орнына  "Луговое" медициналық-құтқару пунктінің дәрігерлері және жедел жәрдем қызмет бригадасы жөнелтілді, - дейді Руслан Иманкулов. Жолсыз жермен жүргендіктен қозғалыс баяулаған. Ми-2 тікұшағының құлаған жеріне құтқару қызметі келген кезде зардап шеккендер болмады. Сосын белгілі болғандай, оқиғаның куәгерлері тікұшақтың ұшқышын №1 Тараз қаласының ауруханасына жеткізген".

Белгілі болғандай, тікұшақ аудан орталығынан 100 шақырым жерде, ал Тараз қаласынан 220 шақырым жерде құлаған.

Оқиғаның себеп-салдары арнайы комиссия анықтайтын болады. Ары қарай істі Азаматтық авиация комитеті жүргізетін болады.

Тікұшақтың неліктен құлағандығы қазір зерттелуде. ТЖК ақпараты бойынша, тікұшақ ТОО "Жаңа әлем" авиакомпаниясына тиесілі. Сонымен қатар борт ішінде өрт шығуы мүмкін деген ақпарат тексерілуде.

"Тікұшақтың жағдайы мен не себепті құлауы жайында алдыңғы уақыттарда хабарлайтын боламыз", -  дейді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметі, прокуратура және полиция жұмыс жасауда.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда кешкісін, болжаммен Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы тікұшақтың құлағындығы жөнінде ақпарат түскен болатын. Артынша бұл ақпарат расталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!