Өзгенің нәрестесі деп көрсеткені өзінікі болып шықты

Фотография - Өзгенің нәрестесі деп көрсеткені өзінікі болып шықты

Полиция қызметкерлері шұғыл жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде бөбекті хабар беруші азаматшаныың өзі туғанын анықтады.

475 0

Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің қыздары өзі туып, оны көшеден тауып алған өзгенің нәрестесі ретінде көрсетпек болған қыздың теріс әрекетін әшкереледі. Бұл турады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Оқиға былай болған. Биылғы жылдың 19 қаңтарында Целиноград аудандық ішкі істер бөліміне осы өңірдегі елді мекендердің бірінде тұратын 20 жасар азаматша хабарласып, үйдің алаңында қатырма қорапқа салынған әйел жынысты жаңа туған нәрестенің жатқанын көргенін жеткізеді.

Бірақ оның бұл "қулығының" адымы тым қысқа болды. Полиция қызметкерлері шұғыл жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде бөбекті хабар беруші азаматшаныың өзі туғанын анықтады. Ол өзінің жүктілігі мен өздігімен босанғанын жасыру үшін ішкі істер органдарына көрінеу жалған шағым білдірген болып шықты.

Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі өндіріс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Азаматшаның іс-әрекетінде көрінеу жалған шағым айту және балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді лайықсыз орындау белгілері қарастырылады.

"Қазіргі таңда нәресте мен анасы дәрігерлердің қарауында", — делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!