Жамбыл облысында құлаған Ми-2 тікұшағын компанияның басшысы басқарған

Фотография - Жамбыл облысында құлаған Ми-2 тікұшағын компанияның басшысы басқарған

Қазіргі кезде Валерий Михин жансақтау бөлімінде жатыр.

643 0


Жамбыл облысында тікұшақтың құлау фактісі бойынша арнайы комиссия құрылды.

Жамбыл облысында Ми-2 тікұшағының құлау салдарынан зардап шеккен ұшқыштың есімі белгілі болды. Ол тікұшақ тиесілі компания директоры Валерий Михин  екендігі анықталды, деп хабарлайды Today.kz есімін құпияда қалдыруды өтінген дереккөзге сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, бұл ТОО "Тараз Жаңа Әлем" компанниясы.

Сонымен қатар біздің тілшімізге белгілі болғандай, зардап шеккен азамат қазіргі кезде жан сақтау бөлімінде жатыр. "Науқастың халі нашар. Ол шок алған. Қазіргі кезде барлық керекті іс шаралар жасалуда", - деп медециналық мекемедегілер мағлұмат берді.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда кешкісін, болжаммен Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы тікұшақтың құлағындығы жөнінде ақпарат түскен болатын. Артынша бұл ақпарат расталды. Сонымен қатар белгілі болған тағы бір жайт, Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшыраған жерде құтқарушылар жұмыс жасауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!