Атырауда жанармай көлігі жарылып, жүргізуші қаза тапты

Фотография - Атырауда жанармай көлігі жарылып, жүргізуші қаза тапты

Оқиға орнына шұғыл жеткен жеке құрамдағы 7 өрт сөндіруші 2 техниканың көмегімен өртті жарты сағатқа жуық уақытта сөндірген.

197 0

Атырауда жанар май тасымалдайтын "КамАЗ" көлігінің 30 тонналық бөшкесі дәнекерлеу кезінде жарылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Оқыс оқиға Атырау қаласына таяу орналасқан Геолог-2 елдімекенінде болды. Оған "КамаАЗ" көлігінің 30 тонналық бөшкесін дәнекерлеу жұмысы себеп боған. Дәнекерлеуді көлік жүргізушісінің өзі жасаған. Алайда, бөшкедегі газ-ауа қоспасы жарылып, қызыл жалынға ұласқан. Оқиға орнына шұғыл жеткен жеке құрамдағы 7 өрт сөндіруші 2 техниканың көмегімен өртті жарты сағатқа жуық уақытта сөндірген. Көлікті жүргізуші әрі өрттің шығуына себеп болған дәнекерлеу жұмысын жасаған азаматтың 1962 жылы туғаны анықталып отыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!