Астанада өлтірілген ЕНУ студентінің анасы: күдікті менің қызымды көре алмайтын

Фотография - Астанада өлтірілген ЕНУ студентінің анасы: күдікті менің қызымды көре алмайтын

Көз жұмған қыздың анасы өзінің білетінімен бөлісті

1234 0

Астанада Гумилв атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің студенті болған 21 жасар Шымкент қаласының тумасы Ұлжан Рысқұлбекованы өлтіру ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Каза болған қыздың анасы істің өзіне белгілі тұстарын айтып берді, деп жазады Today.kz.

Қалымгүл Рысқұлбекова сөзінше  қызы университеттің филоллгия факультеті, аударма ісі мамандығында төртінші курста білім алып жатқан, топ старостасы болған және сабақ үлгерімі өте жақсы болған. Демалыс кезінде "Аура" фирмасында жұмыс істеген және сол жерде Шығыс Қазақстан тумасы Баян Шалқаровамен танысқан.

"Олар жақсы араласқан. Қызымның пәтері болған, бірінші курс оқып жүргенде алып бергенмін. Одан кейін Шалқарова баспана тапқанша бір ай тұра тұруды сұраған. Алдымен ол Өскемендікімін деген, енді Семейденмін дейді. Қызыма көшіп барған соң бір айдан кейін өлім болды. Оның бірінші айтқаны: "Мен қызғандым, онда бәрі болды, жақсы киінеді, пәтері болды", - дейді көз жұмған қыздың анасы.

Оның айтуынша, қылмыс 8 қазанда болған, ал қыздың денесі келесі күні табылған.

"2015 жылдың 9 қазанда мен қызыма звондағанмын – ол тұтқаны көтермеген. Біраз уақыттан кейін телефон сөндірілулі болды. Сосын мен сіңіліме қоңырау шалып, неболғанын білуді сұрадым: бұндай қылық Ұлжанда болмаған, ол қоңырауға үнемі жауап беретін. Сосын оны бір тәуліктен кейін кешкі 9-10-дарда дәліз соңындағы балконнан тауып алды. Пәтерде емес, өйткені күдікті оны кілемге орап балконға алып шыққан, іздерін жасырған. 11 қазанда оны жерледік", - Қалымгүл Рысқұлбекова

Сонымен бірге, Баян Шалқарова келесі күні таңғысын дос қызының үйінде ұсталған.

"Алдымен ол бәрін мойындады, кейін түрлі нұсқалар айта бастады. Екі жігіт келіп, қызымды өлтірді, ал оны жуынатын бөлмеде ұстап отырды деді. Одан кейін басқаша сөйледі – Өзбекстаннан келген қыз өлтірді деді", - дейді ана.

Оның сөзінше, Баян Шалқарованың пәтерден дәлелдерді  шығарып жатқаны: Ұлжанның сөмкесі мен төсек орнын шығарып жатқаны түсірілген бейнетаспа бар.

Естеріңізге салсақ, 21 жасар Ұлжан Рысқұлбекованың өлімі 2015 жылдың қазан айында белгілі болды. Өлтірді деген күдікпен 23 жасар ШҚО тумасы Баян Шалқарова ұсталды. Ұрсысып қалған сәтте күдікті көз жұмған қызға бірнеше рет пышақ салған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!