Қостанайдың бұрынығы әкімі Ахмедбек Ахметжанов сот алдында жауап беруде

Фотография - Қостанайдың бұрынығы әкімі Ахмедбек Ахметжанов сот алдында жауап беруде

Жемқорлық туралы даулы іс бойынша басты сот отырысы басталды

305 0

Қостанай облысының ауданаралық арнайы қылмыстық сотында Қостанайдың бұрынғы әкімі Амедбек Ахметжановтың қатысы бар жемқорлыққа қатысты шулы іс бойынша сот отырысы басталды, деп жазады Today.kz. Қала басшысынан өзге сот алдында оның орынбасары Мақсұт Қалиев және үш кәсіпкер – Леонид Васильев, Сергей Биктибаев пен Гагик Овнанян жауап беруде.

Қостанайдың бұрынығы әкімі ҚР ҚК бес бабы бойынша айып тағылды, оның ішінде пара алу бойынша екі бап, қызметтік құзыретін асыра пайдалану, заңды кәсіпкерлік қызметке бөгет жасау, қылмысқа дайындалу және оған оқталу бар.

Сондай-ақ, әкімнің орынбасары Мақсұт Қалиевке де ҚР ҚК бес бабы бойынша айып тағылды. Ол тендерде ұтысқа жетуге көмектескені үшін 13 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталған. Оған тағылған айыптар қатары – қылмысқа дайындалу және оған оқталу, пара алу, пара алуға келістірушілік бойынша екі бап және пара алуға келістірушіліке оқталу бар.

Кәсіпкерлер Леонид Васильев пен Сергей Биктибаев алаяқтық, пара беруге итермелеу, пара беруге келістірушілік, қызметтік құзырын асыра пайдалануға демесу, пара беру сияқты айыптар тағылған.

Сонымен бірге, "Сыл" ЖШС директоры Гагик Овнанян да пара беру, пара беруге оқталу, салықтан жалтару, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы ҚР заңнамасын бұзу бойынша күдікті ретінде іске қатысты.

Қылмыстық істің мәліметтері 30 томды құраған. Сот отырысы Қостанай облысының арнайы ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Ерлік Сералиннің төрағалығымен өтуде.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылы күзде Қостанай әкімдігі мен кәсіпкерелрдің қатысы бар дау болды. Ахмедбек Ахметжанов орнынан өз еркімен кеткеннен кейін оның жоғарыдағы айыптар бойынша күдікті екені белгілі болды.

Жалпы бұл іс бойынша сегіз адам айыпталуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!