Жамбыл облысында Ми-2 ТЖ: ұшқыш тікұшақты өз күшімен сөндірмек болған

Фотография - Жамбыл облысында Ми-2 ТЖ: ұшқыш тікұшақты өз күшімен сөндірмек болған

Апаттан соң Валерий Михин малшының тұрағына дейін бес шақырым жерді жаяу жүрген.

691 0

Жамбыл облысында Ми-2-нің ұшқышы Валерий Михин тікұшақтың қозғалтқышы ауада өртене бастағанын дәрігерлерге айтқан. Қонуға мәжбүр болғандықтан, өз күшімен тікұшақты сөндірмек болған. Содан кейін ер адам денесі 50 пайыз өртке оранғандықтан Михин малшының тұрағына дейін бес шақырым жерді жаяу жүрген, деп хабарлайды Today.kz Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Емделушінің айтуынша, ауа кеңістігінде тікұшақтың қозғалтқышы өртке оранған. малшының тұрағына дейін бес шақырым жерді жаяу жүрдім. Сосын көмек келгеннен соң Қалалық №1 ауруханаға әкелді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тікұшақ ұшқышының халі нашар.  Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

"Түскен кездегі диагнозы – күйік шалу ауруы. Оның беті, басы және аяқ қолы І-ІІ-ІІІ дәрежел шамамен 50 пайыздай күйік шалған", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда кешкісін, болжаммен Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы тікұшақтың құлағындығы жөнінде ақпарат түскен болатын. Артынша бұл ақпарат расталды. Сонымен қатар белгілі болған тағы бір жайт, Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшыраған жерде құтқарушылар жұмыс жасауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!